Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Асықата жалпы орта мектебінің тарихы

Автор: admin от 16-02-2017, 00:35, посмотрело: 2774

0
 

Мектебіміздің тарихы

 Мектеп – адам өміріндегі жолдың бастауы

 

    Асықата дегеніміз – халықтың айтуынша әулие кесене екен. Сырдария тасығанда оны су басқан көрінеді. Ұзыната сияқты Асықата да кезінде атағы кіріп, базары тарқамаған ертедегі үлкен шаһарлардың бірі болуы ықтимал.

Сырдың орта ағысының жағалауын мекендеген халық пір тұтатын қасиетті орындардың бірі  - Асықата кесенесі болатын 1917 жылға дейін мұнда Асықата мешіті де, жұмыс облысының Қожент уезіне қарасты, Иіржар болысының Ақтөбе әкімшілік ауылының аумағында болған.

Кеңес өкіметі орнап , Мырзашөл қазақтары ұжымдық шаруашылықтар құру науқанына тартыла бастағанда Асықата ауылының тұрғындыры да сыр бойындағы бұрынғы қыстауларын тастап кеткен.

Біздің мектебіміз 1999 жылдан бері осы киелі Асықата атауын алды. Мектептің алғашқы атауы Победа сегіз жылдық мектеп болған. Мектеп 1965 жылы 1 қыркүйекте іске қосылған. Содан 1970 жылдан бастап Абай Құнанбаев орта мектебі болып өзгертілді. Ол, Өркенді елді мекенінде орналасқан. Мектептің алғашқы директоры Шәкен Байтоғаев. Ал қазіргі директорымыз Ержан Бектұрсынов 2009 Жылдан бері қызмет атқаруда.

«Оқу ісінің үздігі», «Соғыс және еңбек ардагері» мектептің бірінші тәлімгері болған Сердалиева Зәуре. 1980-83 жылдар аралығында директор қызметін Сарманов Қурманай Серманұлы атқарған. Талай жылдар бойы қызмет еткен өз ісінің білікті маманы ретінде төменгі ұзтаздарды айтуға болады: Кайжанов Ш, Кешубаева А.Ж, Нагоргая В.В, Гегель Л.К, Ерунова В.В, Сүлейменов А.С, Баймырзаева Ә, Құланова Е, Бузтайлякова Р, Әбілқайыров Ө, Байзақов М, Сегізбаев С, Жақыпова К.М, Сейпенов Б, Исакова К, Султанмуратов К, Омарова Г. 

Мектепте көптеген игі істер атқарылып отыр. Мектепте қазіргі таңда 121 мұғалім жұмыс атқарады. Жоғарғы санатты мұғалімдер -151, 1 санатты -20, 2 санатты -21, ҚР-ның білім беру ісінің үздік белгісі бар 2мұғалім жұмыс істейді. Мектептің педагогикалық ұжымы тиімді әдіс қолдана отырып, дарынды, білімді салауатты шәкірттер дайындауда.

  Мектеп ұжымында өзінің білімімен , біліктілігімен көзге түсіп жүрген ұстаздар көп. Атап айтар болсақ Информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Баян шәкірттері облыстық олимпиядаларға қатысып , жүлделі орындар алуда. Физика пәні мұғалімі Тілепова Нағиманың шәкірттері жоғары оқу орындарында грант иегерлері.

Ата бабамыздың барын бағамдатып, көрсеткен ұстаз Ахметханова Рамиля Медиханқызы. Ол өз шығармашылығында туған жер құдіретіне, ата- баба дәстүріне терең түйіндеулер жасады. Сонымен қатар өз шәкірттерімен мақтана алады.

Тест жүйесі басталғалы біздің мектеп шәкірттері жылдан- жылға , .жоғары оқу орындарына грант иелері болуда.

 

 

Асықата жалпы орта мектебінің тарихы

 


 

 Асықата жалпы орта мектебінің тарихы 

 

 

Категория: Мектеп

 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Автор: admin от 16-02-2017, 00:35, посмотрело: 865

0

 

 

 

 

 

 Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны!

 

 

Алтын күн аспаны,

 Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

 

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!

 

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!

 

Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

 

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досыңдай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

 

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

 

Әр оқушы - бір-бір дарын иесі.
 

            Ақылы кемел, зерек балалар – мем­лекеттің ең үлкен байлығы. ХХІ ғасыр – білім мен ғылым, ақпарат пен тех­нологияның ғасыры. Соған төтеп беретін, өз­ге елдерге өзіңді сыйлататын, өз құдіре­тіңді мойындататын рух пен алапат күш-жі­гер қажет. Елбасының Қазақстандық білім беру жүйесіне қойып отырған талап-тілегі де – осы сапалы әрі өркениетті білім. Президент жыл сайынғы Жолдауларында білім беру мәселесіне ерекше көңіл бөліп, «Сапалы білім беру – Қазақстанның индустриялық-инновациялық  дамуының негізі» екендігін үнемі айтып келеді.

Шығармашыл, ұшқыр ойлы және ең бастысы, өз білімін іске асыратын тұлға  – дарынды балалар. Дарынды балалар елі­міздің интеллектуалдық элитасын қалып­тастыратын ұлттық құндылық болып сана­лады.  Баланың дарынды бо­лып дүниеге келуі, оның қабілетін анық­тау, талантын жүре дамыта алуы – әлі күнге дейін ғалымдардың ыстық талқылауына ие сұрақтардың бірі. Осы ретте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зар­баевтың бастамасымен дарынды ба­ла­ларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету мақсатында «Дарын» республи­калық ғы­лыми-тәжірибелік орталығы жұмыс істеп келеді.

 


 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

 

 

 

 Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев


 

 

Категория: Мектеп