Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Салауатты өмір салты

Автор: admin от 16-02-2017, 00:35, посмотрело: 1185

0
Салауатты өмір салты.
 
 

 

         Оқушылардың салауатты өмір салты. Адамның денсаулығы көптеген факторларға байланысты – ішкі және сыртқы, табиғи және әлеуметтік, ғарыштық және әлемдік және т.б. Адам үшін осылдардың кез келгені айқындаушы болуы мүмкін, бірақ қоғамдық денсаулық деңгейін анықтайтын факторлардың әсері келесі үлгі ретінде бөлінеді:

 

 

 
 
 

- Тұқым қуалаушылық (биологиялық факторлар) — денсаулықты 20% анықтайды
- Сыртқы орта жағдайы (табиғи және әлеуметтік) — 20% - ға
- Денсаулық сақтау жүйесінің қызметі— 10% - ға
- Адамның өмір салты— 50% - ға


Адамның денсаулық факторын анықтайтын ең манызды фактор, оның өмір салты, яғни еңбек және демалыс тәртібі, қозғалыс мәдениеті, дене және ойлау белсенділігі, тамақтануы, шыңығуы, қарым –қатынас және тілдесу мәдениеті, жаман әдеттері және т.б. Адамда өмір салты балалық шақта қалыптасады, бала қатысты социум мен этнос, отбасылық дәстүрлер мен салттарды көрсетеді. Өмір салты баланың денсаулығын дамыту және сақтауға мүмкіндік береді (бұл жағдайда САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ туралы айтқанда), керісінше адам денсаулық потенциалын төмендетуге итермелейді, оның генетикалық алдын ала ӨМІРІНІҢ ұзақтығын қысқартуға себеп болуы мүмкін.
Оқушылардың салауатты өмір салты. Ата-аналардың есіне::
- өмір салты жас ерекшілікті болуы керек;
- өмір салты энергетикалық қамтамасыз етілген болуы керек;
- өмір салты нығайтушы болуы керек;
- өмір салты ырғақты болуы керек;
- өмір салты эстетикалық болуы керек;
- өмір салты адамгершілікті болуы керек;
- өмір салты ерікті болуы керек;
- өмір салты өзің-өзі шектеуші болуы керек.

 

Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыруда әлеуметтік-педагогикалық технологиялар – бұл балаларды өз еркімен салауатты өмір салтын жүргізуге дайындауға бағытталған, ғылыми дәлелденген қызметтердің әдістері, түрлері, үлгілер жиынтығы енгізілген педагогикалық үрдісіндегі субъектік- субъект қарым-қатынас негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша әрекет әдістеріне қосымша ретті мақсатты жүйе.
Алғашқы алдын алу шаралары:
· Адам ағзасындағы зиянды факторлардың әсерін төмендету бойынша шаралар қолдану;
· Салауатты өмір салтын қалыптастыру:
· барлық зиянды факторлардың денсаулыққа тигізетін әсері туралы халықтың барлық санатының білім деңгейін жоғарлатуға бағытталған үнемі қозғалыстағы ақпараттық-насихаттау жүйесін құру және қолдау, бұл әсерді төмендететін мүмкіншіліктер мен жолдары,
· санитарлық-гигиеналық тәрбие,
· темекі бұйымдарын қолдану және темекіні шегуді таратуды төмендету, ішімдікті қабылдауды төмендету, ісірткі заттарын және есірткіні қабылдаудың алдын алу,
· дұрыс демалуға үйрету,

· халықты дене шынықтыру, туризм және спортпен шұғылдануға қатыстыру, осы сауықтыру түрлерін қол жетімділігін жоғарлату;
· Алдын алу медициналық тексерулер барысында денсаулыққа зиянды факторларды анықтап, оларды жою бойынша шараларды қолдану;
· Халықтың түрлі топтарына иммунитеттік алдын алуды жүргізу;
· Жарақаттанушылықтың, психологиялық және соматикалық аурулардың дамуының алдын алу бойынша шараларды қалыптастыру;
· Медициналық және медициналық емес шараларды қолдану арқылы денсаулық үшін жағымсыз әсерін тигізетін факторларда болған халықты сауықтыру.
 

Салауатты өмір салты – бұл қоғамдық және жеке, әлеуметтік-тұрмыстық, еңбек мүмкіншіліктерін шешудегі ағза мүмкіншіліктерін кең қолдану, салауатты тұқым қуалаушылықты, ұзақ өмірді, рухани және дене саулығын қамтамасыз ететін қоғамдағы өзара қатынас және жеке іс-шаралар жүйесі, табиғат пен қоғамдағы өзара қатынасты, тұрмысты, жоғары еңбек мәдениетін қолдау.



Балалардағы туберкулез  

Туберкулез – барлық жерде жайылған адам және жануарларда болатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы – Кох таяқшалары немесе туберкулездің микробактериялары.
Жұғу жолдары:   жиі кездесетіні әуа-тамшылы, ересектерде сирек, ал балаларда жиі кездесетіні – алиментарлы (тамақ қорыту жолы арқылы) – зарарсыздандырылмаған сүт қауіпті, араласқанда (конъюктива арқылы), құрсақта.
Өкпе түрі. Бұл ауру өкпені зақымдандырады: қақырығы бар созылмалы жөтел, безгек ұстау, әлсіздік, тершендік, салмақ тастау, қан түкіруі мүмкін.
Сирек кездесетін түрі өкпеден тыс түрі, ол сүйекті, буынды, бүйректі, лимфа түйіндерін және басқада жерлерге зақымдайды.
Түберкулездің ашық түрі ауру адам сыртқы ортаға өз микробын шығарады (қақырықта туберкулез таяқшалары болады),сондықтан туберкулездің мұндай түрімен ауыратын адамдар өте қауіпті деп есептелінеді.
Сол себептен, дем алу органдары туберкулезбен ауру адам тек адамнан жұққыш болуы мүмкін. Туберкулездің жабық түрімен ауыратын адамдар сыртқа микроб шығармайды, өз айналасына зиянсыз деп есептеледі.


Естеріңізде сақтаңыздар. Өкпе туберкулезімен ауыратын науқас айналасындағы 2 және 5 адамға ауруды жұғады. Дұрыс ем қабылдамаған 1 науқас жылына 10-15 адамға ауруды жұғады. Аурудың таратылу себептері, науқас емделуден бас тартқаны, өз бетімен дәріні қабылдамауы, халықтың тығыздығы, төмен өмір деңгейі, нашар тұрмыс жағдайы, жаман тамақтану, халықтың көшу-қонуы, зиян әдеттер: темекі шегу, алкоголизм, есірткі қабылдау. Туберкулез әлеуметтік маңызды дертке жатады, халықтың өмір деңгейі төмен аумақтарға тән. Ауруды жұққан уақыттан аурудың басталуына дейін 1 айдан 6 ай уақыт өтеді, ауру 2 жылға дейін сақталады, кейін жеңіл-желпіге дейін төмендейді.

 


 

Мен патриотпын!

 

Бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған интернет

сайттары

http://nsc.1september.ru/urok/
http://nsc.1september.ru/index.php
http://n-shkola.ru/
http://detmagazin.ucoz.ru/
Nachalka.com – бастауыш мектепке қатысы бар 6 жастан және жоғары адамдарға арналған қоғамдастық.
АКТ бастауыш мектепте - «Шығармашылық мұғалімдерінің желісі» порталында бастауыш мектеп мұғалімдерінің қоғамдастығы
"Бастауыш мектеп" - ӘДІСКЕРЛЕР порталында «Бастауыш мектеп» виртуалды шығармашылық топ
Мектептегі алғашқы қадам – бастауыш мектеп мұғалімдерінің виртуалды клубы
МОНТЕССОРИ-СИТИ – виртуалды педагогикалық клуб. Сайтта өз қызметінде Монтессори идеяларын пайдаланатын педагогтар клубтарының жұмысы туралы қызықты ақпарат ұсынылады. Монтессори педагогикасы туралы толық материал бар: авторлық кештер материалдары; шебер-сыныптар; лекциялар курстары, тренингтер.
"Перспективалық бастауыш мектеп"
Л.В. Занкованың ОӘК
Д.Б. Эльконина — В.В. Давыдованың ОӘК .
"Гармония" ОӘК
" Білім планетасы" ОӘК
"Перспектива" ОӘК
http://videouroki.net/view_catfile.php?cat=14


 

Ата-аналар үшін

http://stranamasterov.ru/
http://diafilmy.su/ сайтында қызықты диафильмдер топтамасы ұсынылған. Диафильм – тақырыптық бір- бірімен байланысқан қадрлар және жүйелі иллюстрациясымен таныстыратын позитивті фотоүлдір. Диафильм деген не екенін біздің уақытта көбі білмейді, бұл ақпараттық технологиялар даму уақытында танданбайтын жағдай. Өсіп келе жатқан ұрпақ теледидарлардан фильмдер мен бағдарламаларды көріп, әлемге қатысуын бастайды.
http://deti-lit.ru/ сайт сіздің үйдегі мейрімді отбасылық дәстүрді жандандырады. Отбасылық үйдегі оқулар – бұл игілікті тәрбиелеуші құрал. Сайтта түрлі уақытта жазылған өлеңдер, әңгімелер, тақпақтар жиналған. Шығармаларды іріктеуге жоғарғы және орта, бастауыш мектептердің мұғалімдер, мектепке дейінгі білім беру мамандары қатысты.
http://ourkids.info/?page_id=67
 сайтта түрлі тақырыпта балаларға арналған көптеген түрлі-түсті кітаптар ұсынылған, балаңызға ұнағанын тегін жүктеңіз.  


 

Балалар үшін

  1. http://kids.quintura.ru/Детский поисковик QUINTURA
  1. "Отличник» тренажері " – орыс тілі мен математикадан тапсырмаларды шешуге арналған тренажерлер. Бағдарлама 1-4 сынып оқушылары үшін математикадан есептерді, теңдеулерді және орыс тілінен жаттығуларды құрастырады.
  1. http://filin.vn.ua/ иллюстрацияланған жануарлар энциклопедиясы.
  1. http://viki.rdf.ru/ балалардың тұсаукесерлері.
  1. http://www.igraza.ru/Ойындар, ребустер, жұмбақтар. Сайт «зияткерлік спорт», қызықты есептер туралы және олар қандай болады, олармен қалай жұмыс істеу қажет, оларды өзіне қалай құрастыруға болатыны туралы. Бұнда адамдар қазіргі заманда Ғаламтор кеңістігінде, мерзімді және мерзімсіз баспасөзде кездесетін қызықты есептер ұсынылған.
  1. http://www.nachalka.com/multfilmжаттықтыратын мультфильмдер.
 

Категория: Оқушыларға

 

ЕРЕЖЕЛЕР

Автор: admin от 16-02-2017, 00:35, посмотрело: 1234

0
Оқушыларға арналған ЕРЕЖЕЛЕР

 

Осы Ереженің мақсаты: Қазақстан Республикасы жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту, оқушыларға мектепте білім алуға қолайлы жағдай  туғызу және мектеп маңайында оқушылардың жүріп  тұруына қауіпсіздік  жасау.

ОҚУШЫЛАР: мектеп Жарғысын орындауға, мектептің, өзінің және басқаның мүлкін , мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және ұстаздар  мен басқа жұмыскерлердің еңбегіне құрметпен қарап мектепішілік Ережені сақтауға міндетті.


1. Оқушылардың сыртқы келбеті


 

Бекітілген үлгідегі мектеп формасын киюге: (киім үлгілері мектеп сайтында бар)

1-4 сыныптар:   юбка (шалбар), қара  немесе жасыл  түсті пиджак, ақ түсті блузка.

5-8 сыныптар:  юбка (шалбар), қара түсті пиджак, ақ түсті блузка.

9-11 сыныптар: қара түсті, классикалық (іскер) үлгідегі костюм.

·       Косметиканы қатты жағып және сәндік бұйымдарын шамадан тыс тақпауға ұсыныс жасалады.

·       Мектепте, тазалықты сақтау мақсатында барлық оқушылар, екінші жеңіл аяқ киім киіп жүруі керек. 

·       Спорттық киімді дене шынықтыру сабағында ғана кию керек, басқа сабақта кию орынсыз.

·       Мектепте себепсіз сыртқы киіммен жүруге болмайды.

·       Салтанатты жиналыстарға және жалпымектептік шараларға оқушылар мерекелік киім киіп келуге тиіс.

·       Мерекелік кештерге, концерт және дискотекаларға оқушылар қалаған киімдерін  киіп келеді.  

 


 

 

2.   Жалпы тәртіп ережелері

·             Оқушылар мектепке мектеп формасын киіп, таза күйінде сабақ басталар алдында 10 минут  қалғанда кешікпей келулері керек.

·             Мектепке кіргеннен кейін оқушылар сыртқы киімдерін және аяқ киімдерін шешіп екінші аяқ киімдерін киеді, шаштарын әдемілеп, киімдерін дұрыстап, сыныпқа кіріп оқу құралдарын дайындап мұғалімді күтіп отырады.

·             Өрт қауіпсіздігі, Жол ережелерін оқып, біліп және сол Ережелерді сақтауға міндетті.

·             Оқушылар бір- бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс.

·       Оқушылар, үлкен адамдарды сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге оларға керек болғанда көмектесуге; мектептің, өзінің және басқаның мүлігін сақтап, ұқыптылықпен қарауға: мұғалімдердің және мектептің басқа жұмыскерлердің талаптарын орындауға міндетті.

·       Оқушылар бір-бірін атымен атап, үлкен адамдардың тегін атап «сіз» деп және бөтен адамдарға да «сіз»  деп сөйлеседі.

·       Оқушылар үлкен адамдарға жол беріп; кішкентай оқушыларды алдымен жіберулеріп және де ұлдар  қыздарға жол берулері керек.

·       Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек. Күш қолдану адамның ар-намысын қорлайды, сондықтан мектепте төбелесуге қатаң түрде тыйым салынады.

·       Оқушыларға: сабақ кезінде мұғалімнің немесе оқу меңгерушісінің рұқсатынсыз мектептен және оның маңайынан, өз бетінше спорттық, мәдени және сыныптан тыс шаралардан кетуге болмайды; мектепте және оның маңайына жарылғыш, жанғыш, сұйық заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, газ баллондарын, шылым мен спирттік ішімдіктерді, есеңгірететін және уландыратын  заттарды әкеліп пайдалануға қатаң тыйым салынады.

·       Мектепте: оқушылардың өміріне және денсаулығына қауіпті болғандықтан, терезенің алдына мінуге, шкафтардың үстіне шығуға, баспалдақтың таянышымен сырғанақ тебуге, басқа оқушыларды итеруге; мектептегі шаруашылық бөлмелерінің есігін ашып-кіруге; электрлік шкафтарды ашуға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ;


 

3. Сабақ кезінде.

 

           Мұғалім сыныпқа кіргенде оқушылар орындарынан тұрулары керек.  Олар амандасқаннан соң және мұғалімнің рұқсатынан кейін орындарына отырады. Осылай оқушылар сабақ кезінде сыныпқа кіріп келген әрбір кісімен амандасып қарсы алулары керек. Мұғалім немесе басқа адам сыныптан шыққаннан кейін де оқушылар орындарынан тұрулары керек.

Сабақ кезінде мұғалім сабақтағы тәртіп ережесін өзі орнатады.

Сабақ үстінде шулауға, өзі басқа нәрсеге алаңдап және де жолдастарын да сөзге тартып, ойынмен алаңдатуға болмайды.

Егер оқушы бірдеңе айтқысы, сұрақ қойғысы келсе, ол қолын көтеріп, мұғалім рұқсат берген соң сөйлеуі керек. Мұғалім басқа да тәртіп ережелерін қоя алады.

Сабақ аяқталған туралы қоңырау мұғалім үшін соғылады. Ол сабақ аяқталуының дәл уақытын белгілеп оқушыларға оның аяқталғаны туралы хабарлайды.

Егер оқушы мектептегі сабақты қалдырса, ол сынып жетекшісіне медициналық анықтаманы немесе ата-анасынан қысқаша хат әкелуі керек. Сабақты дәлелді себепсіз қалдыруға немесе сабаққа кешігіп келуге рұқсат етілмейді.

 


4. Үзілісте және сабақ аяқталғаннан соң

 

Үзіліс кезінде оқушылар: өздерінің жұмыс орнын қалпына келтіріп қоюға; сыныптан шығуға; кезекші мұғалімдердің және де басқа жұмыскерлердің талаптарына бағынуға міндетті.

Үзілісте: баспалдақтармен жүгіруге, терезе ойығы, шыны витрина немесе басқа да ойнауға арналмаған жерлерде жақын, бір-бірін итеріп, заттарды лақтыруға және күш көрсетіп жаман, былапыт сөздерді айтып қол сермеп, басқа қылықтар жасап шулауға, басқаларға демалуға, жұмыс істеуге кедергі жасауға болмайды.   

Асханада болғанда оқушылар: ыстық және сұйық тамақ алып жатқан кезде жан-жағына назар аударып абай болулары керек; асханадан алған немесе үйлерінен алып келген тамақты асхананың ішінде ғана жеулері керек; мұғалімдердің немесе асхана жұмыскерлерінің талаптарына бағынады: тамақты кезекпен алады: тамақтанғаннан соң үстелдің үстін жинайды.

 


 5. Мектеп маңайындағы тәртіп

Мектеп маңайы мектептің бөлігі болып есептеледі (мектеп учаскесі).

Мектеп учаскесінде оқушылар: оның алыңының шегінен шықпай; жалпы тәртіп ережелерін сақтап жүрулері керек.


 6. Соңғы ереже

Осы Ережені және мектеп Жарғысын бұзғаны үшін, оқушыларға мектеп Жарғысында қарастырылған тәртіп және тәрбиелеу шаралары қолданылады.

Осы Ережелер мектептен тыс өткізілетін барлық шараларға  да таратылады.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының Заңымен, кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында балалар қаңғыбастығының алдын-алуға бағытталған құқықтық шараларының кешені қарастырылып жатыр.

  336-3 бап. Кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта ойын сауық мекемесінде жүруі.

 

1.               Кәмелеттік жасқа толмағандардың түнгі уақытта  (сағат  22 ден таңғы  6 -00ге дейін) – ойын сауық мекемелерінде заңды өкілдерінсіз жүруі, - заңды өкілдеріне ескерту салынады.

2.               Осы баптың бірінші бөлімінде қаралған, жыл бойы әкімшілік айыппұл салғаннан кейін қайталап жасалса, заңды өкілге бес айлық есеп көрсеткіштен он айлық есеп көрсеткішіне дейін айыппұл салынады.

336 бап. Спирт ішімдіктерін ішіп немесе мас күйінде қоғамдық орындарға келу.

1.    Спирт ішімдіктерін көшеде немесе қоғамдық орындарды ішу, сауда ұйымдары мен қоғамдық тамақтанудан басқа, жергілікті атқару органдары рұқсат берген жерлерде спирт ішімдіктерін сату, немесе қоғамдық орынға мас күйінде келу, адамның қадір – қасиетін немесе қоғамдық имандылығын қорлау, - бір айлық есеп көрсеткішімен айыппұл салынады.

2.    Осы баптың бірінші бөлімінде қаралған, жыл бойы әкімшілік айыппұл салғаннан кейін қайталап жасалса,- бір айлық есеп көрсеткіштен екі айлық есеп көрсеткішіне дейін айыппұл салынады.

3.    Осы баптың бірінші бөлімінде қаралған, тұлғамен жасалса, спирт ішімдіктерін ішіп немесе мас күйінде қоғамдық орындарға келгені, жыл бойы екі рет әкімшілік жазаланғаны расталса,- екі айылық есеп көрсеткіштен бес айлық есеп көрсеткішке дейін айыппұл салынады, айрықша жағдайда, егер бұзушылық тұлға есебінен істің мән – жайы бойынша шара жеткіліксіз деп саналса, мерзімі он бес күн әкімшілік тұтқындау.

 

ЕРЕЖЕЛЕР

 

 

 

Қоңырау кестесі


Оқу күні графикке сәйкес кезекші сыныптардан басталады:
08.30 мин. - 1 аусым
14.00 мин. - 2 аусым

Оқушылардың мектеп ғимараттына кіруі:
08.20 мин. - 1 аусым
13.50 мин. - 2 аусым

Бірінші қоңырау беріледі:
09.15 мин. - 1 аусым
14.45 мин. - 2 аусым

Сабақтардың басталуы:
08.30 мин. - 1 аусым
14.00 мин. - 2 аусым

Қоңырау кестесі:

1 аусым

2 аусым

1 сабақ

08.30 - 09.15

1 сабақ

14.00 - 14.45

2 сабақ

09.20 - 10.05

2 сабақ

14.50 - 15.35

3 сабақ

10.15 - 11.00

3 сабақ

15.40 - 16.30

4 сабақ

11.10 - 11.55

4 сабақ

16.40 - 17.25

5 сабақ

12.00 - 12.45

5 сабақ

17.30 - 18.15

6 сабақ

12.50 - 13.35

6 сабақ

18.20 - 19.05

Категория: Оқушыларға